Өлкетану

іле

     ІЛЕ АУДАНЫ ТАРИХЫНЫҢ ШЕЖІРЕСІ

  1924 жылдың 27 қазанында Мойынқұм және сарықұм уездерінен Іле болыстығы құрылып, оның орталығы Іле стансасына көшіріледі. 1928 жылдың 17 қаңтарында Жетісу губерниясы таратылып, уездер мен болыстықтардан Алматы және Семей (бір бөлігінен) округтарынан аудандар құрылады, Сөйтіп Алматы және Іле болыстығынан Іле ауданы құрылып, оның орталығы Садықбай ауылы , қазіргі Шилікемір болады.

  1987 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша орталығы Энергетикалық поселкесі болып табылатын Іле ауданының аумағы 6,6 мың шаршы шақырымды қамтыды. Бұл кезде ауданда 9 селолық, поселкелік Кеңес, 3 жұмысшы поселкесі болды. Оның орталығы да әлденеше рет елді мекеннен елді мекенге ауысып отырған . Бұрынғы Садықбай (Шилікемер) ауылынан бастау алған аудан орталықтары Қызыл-Ту, Талғар, Николаевка , Іле (кейіннен Қапшағай) , сияқты селоларға жалғасып, тек Энергетик, қазіргі Өтеген батыр кентінде ғана тұрақты орын теуіп отыр.

  Ауданның солтүстігі Алматы қаласымен шекараласып жатыр. Шығысы Талғар, оңтүстік –   батысы Қарасай,батысы Жамбыл аудандарымен қиылысады. Бүгінде аудан көлемі 7,8 мың шаршы шақырымды алып жатыр. Халық саны 180 мыңға жетті. Мұнда қазір 11 селолық және поселкелік округ, 115 елді мекен бар. Аудан көпұлтты, 32 -ден астам ұлттар мен ұлыстардың өкілдері егемендіктің көк байрағы астында тату – тәтті өмір сүріп, еңбек етуде.

  Іле ауданы экономикалық – әлеуметтік жағынан облыстағы іргелі де ірі ауданның бірі.

Реклама