Исахметов туралы ой- пікірлер

оюлар

Бір күні облыстық “Коммунизм таңы” газетінің редакторы Ұзақ Бағаев ағаның ауылымызға келгенін естіп, ол кісі аялдаған қонақ үйге бардық. Ұзекең бізді жылы шыраймен қабылдады.

Е, өлең жазамыз деңдер. Бұларың дұрыс екен. Кейбіреулер бастай салып тастап жүре береді. Сендер олай етпеңдер мүмкіндігінше жаза беріңдер, бұл өздеріңе пайдалы. Сонымен қатар ауылда болып жатқан жаңалықтар жайлы бізге хабарлап тұрыңдар. – Ұзақ аға Әбдікерімнің дәптер парағына әдемілеп көшіріп апарған бір топ өлеңін партпеліне салды, сонан соң,– ал сенікі қайда?– деді маған бұрылып. Жақсы өлеңдер жаза алмай жүрмін,– дедім шынымды айтып. Өз кемшілігін өзі білген адамнан үміт күтуге болады. Ештеңе етпейді еңбектене берсең мұратыңа жетесің.Біз Ұзақ ағамен қоштасып шығып кеттік.Көп кешікпей “Сәт сапар” айдарымен Әбдікерімнің суреті, өлеңдері газет бетіне жарияланды. Бұл екеуіміздің де ынтамызды оятып шабытымызды шалқытқандай елеулі әсер етті.Осы қарсаң да ақын Нүсіпбек Исахметов ағамен таныстық, 1961 жылғы “Жырға сапар” деген ұжымдық жинаққа өлеңдері еніпті, Ол кісі шамасы келгенше бізге көмектесуге тырысты.Келесі жылы облыстық газетке “Бір ауылдың ақын жастары” деген атпен бір топ автордың тырнақалды туындылары жарияланды, әрине, оның арасында менікіде бар болатын. Соның өзіне делебем қозып, кәдімгідей қанаттанып қалғандай сезіндім.

Нүсіпбек аға бір күні оңаша шақырып алды да:

Саған ақыл-кеңес айтқым келеді,– деді жүзіме тіке қарап тұрып,– Бидайдың барар жері – диірмен демекші, менің адам танитыным рас болса, сенің барар жерің – Алматы. Мақұл көрсең, баспана алуыңа көмектесе алатын жолдасыма хат жазып беремін. Ойлан, толған, шешеңмен ақылдас, қорытындысын кешіктірмей айтарсың,– деді.

Анам қарсы болған жоқ, азын-аулақ жинаған тиын-тебенін қалтама салып берді. Нүсіпбек ағаның хатын алып, жолға дайындалдым.

– Қала деген қала ғой, халқы бізден гөрі мәдениетті, барған соң ұмытып кетіп жүр ме,– деді Әбдікерім автобусқа шығарып салып тұрып.

Сөйтіп көп кешікпей Алматылық болып кеттім. Құрылыста жұмыс істеп жүрдім. Мерзімдік баспасөзде өлеңдерім жиі жарияланатын болды.  

Ақын Ұзақ Бағаев

оюлар

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

w

Connecting to %s