Н.Исахметовтың өлеңдер жинағнан үзінділер

4f7558b662d78

оюлар

Нүсіпбек Исахметов – көп жылдан бері жазып келе жатқан, талай жинағы жарық көрген ақын. Ұтымды да өткір, тосын да ойлы жырларымен көзге түскен Нүсіпбектен өз басым көбірек күткендіктен бе, бұл жинақ әп дегенде еліктіре қоймады. Ашығын айтайық, ақын тым салақсып кеткен тәрізді. Анкета толтырған сын-ды, өлеңнің жолын құр сөзбен, сөздермен толтыра салу – оңай шаруа.

Болып па едісендейқала,

Болса да мен теңгерембе.

Қарапқаламтаңдайқаға,

Біріншереткөргенненбе…

Ертеңертетұрмадымба

Кремльдіңкурантымен.

Шықпадымбашыңдарыма («Москва»)

Москваныңқуатымен.

Жинақ осы секілдішумақтарменашылады да әріқарай кете береді, кете береді.

Ертеде намаз білмейтін, бірақ Құдай-тағалаға деген ниеті дұрыс біреу күніне бес мәрте жайнамаз жайып: «ақ қойдың кендесі, қара қойдың кендесі, мен – Құдайдың пендесі» деп, құбылаға қарап жығыла береді екен. Нүсіпбекте де сол секілді, ұлы астана Москваға деген жақсы ниеттен басқа ештеңе аңғарылмайды. Өзі ақын, оның үстіне Москваны «бірінші рет» көрсе, әлгі жолдардан гөрі салмақтырақ бір нәрсе ойға оралуы керек еді.

Келесі өлең «Қызыл алаң» аталады.

Қызыл алаң, қызыл алаң,

Тұрмын бүгін нақ төріңде.

Күн сезімнен қызу алам,

Болып барам ақ көңіл де.

Байтақ мынау Одағымның,

Мен де іргелі бір елімін.

Сол жаңарған адамыңның

Жалындаған түлегімін…

Отанымның бар түкпірі

Саған келіп түйіскендей.

Махаббаттың тартып нұры

Қос жүректер сүйіскендей.

Бұның бәрі сырғып қана оқылатын кәдуілгі қызыл сөздер. Адами бір нәрсеге таңданғанда, сүйсінгенде, одан гөрі қуанғанда көңілшектеніп, «ақ көңіл болатыны» рас. Сол себепті, бірінші шумақтың төртінші жолында ғана, өзге тармақтармен салыстырғанда, шындық, жан бар тәрізді. «Тұрмын бүгін нақ төріңде». Алаңда төр бола ма? Шеті-жиегі, ортасы, т.б. болса – бір сәрі. Нүсіпбек сықылды ақын үшін, өзгесін былай қойғанда, «түйіскендей – сүйіскендей» сипаттас ұйқастардың өзі абырой әпермейді. Мұндай арзан үйлесімдерді ақтау үшін ой, сезім, сурет керек қой.

Енді бір өлеңінде ақын:

Қазақ әні естілді

Алты қырдың астынан.

Алды менің есімді

Мына ғажап тасқын ән,– дейді. Осы шумақты оқығанда еріксіз: бұл өзі қайда жүрген адам деген сауал туады. Расында, авторға қазақ әні осынша таңсық па? Әлде өзі «алты қырдың астында» жүр ме?

Жинақта «Кепебұлақ молалары» деген тәп-тәуір өлең бар. Бірақ мұнда да әлтек-тәлтек жолдар ұшырап қалады.

Кепебұлақ бас жағында мола бар,

Жатырмұндаескіәруақ – бабалар.

Жамаутілептұрғанжыртықкиімдей

Әржылсайын кем-кетігіжамалар.

Соңғыекіжолдыңмағынасыбұлдыр. Себебі, қазақескімоланы «жамамайды», жаңартпайды. Егерқауымішіндегі бос орындартірілересебінентолыпжатса – басқашақұрукерекжырды. Әйтпесе:

Анасына «апа» дегенсөзарман,

Баласына «әке» дегенкезарман.

Туғанелге – туысқанныңбәріарман;

Туғанжердеөлмегенніңөзіарман.

Бәріміз де тіршіліктіңқонағы,

Сондықтан да қадірлеймізмоланы.

Неге ғанатуғанжердіңтүлегі

Жат жерлердіңтопырағындақалады?!

Елгекерекәрқашан да ер күші,

Азаттықтыкелмесжаудыңбергісі (?)

Қанмайдандақазатапқанерлердің

Туғанжердетұрсадеймінбелгісі!

Мұндайжолдардыңкемшілігін де кешіругеәзірміз.

Достарым-ау, сендердікөпойлаймын,

Мені де ойлапжүролардепойлаймын.

Өздеріңетабынаөлеңжазып,

Сөздеріңесағынаәнарнаймын.

Әп-әдемі-ақшумақ.

Шыншылдық бар, сезім бар, жылылық бар.

Еркіндікті ақындар сүйеді деп,

Еркелетіп жіберген өзің білем,– деген жолдары да жарасып тұр.

Нақ отыз жыл колхозында

істеді апам қыс-жазы,

Қазір міне асып кетті

қырық жылдан стажы.

Немерелер, шөберелер ортасында бұл күнде

Өскендер мен өлгендердің

штатта жоқ ұстазы.

Мұндай жолдарды да құптағың келіп тұрады.

Біздің біраз ақындар «Москва», «Қызыл алаң», «Қазақстан», т.б. тақырыптарды өздерінің өлең жинақтарын баспадан өткізетін, «ай мүйізді ақ серке» сын-ды түсінетін сияқты. Әрине, бұл түбірімен жаңсақ түсінік. Саяси өлең деген өлең жоқ, өлең деген өлең бар. Өлеңді атына емес, затына қарап іріктейтін кез әлдеқашан жеткен. Нүсіпбек мұны білуге тиіс…

Қорыта айтқанда, жинақты іріктеу, қарау керек. Автордың қабілетті кісі екені белгілі. Әйткенмен, тәуір өлеңдер тым аз көрінеді. Әр тұста бір жылт етіп қалатын тармақтар мен шумақтар Исахметов үшін қанағат болмауы ләзім.

Іле ауданы

Оңтүстүгі Алатау қырандары,

Солтүстүгі Қапшағай ұландары.

Тау мен теңіз арасын мекендеген,

Аты әйгілі еліме Іле ауданы.

 

Құздарында құламас шынарлары,

Бауырында сыңсыған ну орманы.

Қазағымның өнерін өркендеткен,

Аты әйгілі еліме ұландары.

 

Орындалып олардың ұлы арманы,

Тәуелсіздік төріме ту орнады.

Қазақтың жұлдыздары Тоқпанов пен,

Ноғайбаев ауылы Іле ауданы.

 

Ұл – қыздары көп болған арман қуар,

Арман ғана өмірді жандандырар.

Орташасын айтпай-ақ қойғанда да,

Үлгілері бәріңді таңдандырар.

 

Қиналмаған заманның қиасынан,

Тамылжып ән құйылған күй осыдан.

Әнуар Молдабеков Торғын сұлу,

Ұшқан осы Іленің ұясынан

Әлемге аян музыка саласынан.

Қарпыған көнесінен,жаңасынан,

Нұрғиса Тілендиев Іленікі

Шилікемір,ынтымақ даласынан.

 

Өнерлілер қазақтан шықты қанша.

Өнерлі сол халқына ұқтыра алса,

Осынша ұлыларды Іле ауданнан.

Басқасы тауып көрсін мықты болса.

Іле ауданның істеген ісі ардақты.

Барлығында да еңбектің күші орнатты.

Осында үлкені де, кішісі де,

Бұралған өзендері үш Алматы.

 

Оңтүстігі Алатау қырандары,

Солтүстігі Қапшағай ұландары.

Тау мен теңіз арасын мекендеген,

Аты әйгілі еліме Іле ауданы.                     Н.Исахметов

 

оюлар

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s