Қазақ халқының мақтанышы еді

011Ел дәулетін тасыту жолында жан аямай еңбек етіп, атақ-даңққа бөленген аяулы ағамыз Батталханов Заманбек 83 жасқа аяқ басқанда дүниеден өтті. Зәкең тек қана Жетісу өлкесінің ғана емес, бүкіл қазақ халқының XX ғасырдағы асыл перзенттерінің бірі, болашақ үшін шапқылып жүріп, қызмет істеген ағамыз.

Осындай ағаларымызды әр уақытта сыйлап отыру- бүгінгі ұрпаққа үлкен парыз.

Қазіргі Алматы облысы өңірінің экономикасын, әлеуметтік саласының дамуына айтарлықтай үлес қосқан ұлы тұлғалардың бірі Заманбек Батталханов болды. Менің Зәкеңмен таныс болғаныма 47 жылдай уақыт өтіпті.

Мен 1954 жылы Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институтын бітіріп, Алакөл, Ақсу және Панфилов аудандарында аудандық ауыл шаруашылық мекемелерінде бас зоотехникболып жұмыс істедім. Одан кейін, 1959 жылдан 1961 жылға дейін Панфилов аудандықауыл шаруашылық инспекциясының  бастығы және аудандық Совет атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып қызмет істеп жүргем.010

Осы кездерде Заманбек Батталханов бізге көршілес өзінің тұрған Ұйғыр ауданында  Совет атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып қызмет істеп жүрді.

1961 жылдың бірінші жартысында ауылдағы ауылшаруашылық инспекциясы тарағаннан кейін, менің өз өтінішім бойынша, сол уақыттағы аудандағы ең үлкен «Көктал» қой кеңшарына директор болып ауыстым.

Бірде Сейдалым ағамыздың Ұйғыр ауданында тұратын шешесін соңғы сапарға  шығарып салуға барғанда Ұйғыр аудандық Советі атқару комитетінің төрағасының бірінші орынбасары Заманбек Батталхановпен жүздестім, ұзақ әңгімелестік. Ол кезде қай елсің, туыс, еліміз туралы әңгіме болмайтын заман еді. Көп ұзамай Ұйғыр ауданы біздің Панфилов ауданына қосылып, Алматы облысы бойынша көп ұлтты үлкен аудандардың бірі болды. Сол кезде Зәкең Панфилов ауданына көшіп келіп, баяғы өзінің аудандық Совет Атқару комитетінің бірінші орынбасары болып жемісті жұмыс істеп жатты. Панфилов  ауданы тек қана облыс бойынша темес, Республика бойынша да алдыңғы және үлкен аудандардың бірі болған.

09Сол жылдары бұл ауданда егін шаруашылығымен бірге мал шаруашылығы дамыған болатын. Осы уақытта Панфилов ауданының бірінші хатшысы болып Сапиев ,аудандық атқару комитетінің бірінші орынбасары болып Батталханов істеген жылдары жүгері өндіруде үлкен жолсапарлар жасалып, келешекте республикамызда жүгері өндірудегі үлкен аймаққа айналатының негізі жасала бастаған кез еді.

Н.С.Хрущевтың жүгері өсіруді еліміз бойынша көбейту керек деген тапсырмаларын орындай бастаған уақыт еді.

Соған байланысты ауданда үлкен жүгері қабылдайтын зауыт салынып, іске қосылды. Аудан шаруашылықтары жүгерінің жоғары өнім беретін сорттары мен бірге ерте пісетін буданды және өнімді аз беретін сорттарын еге бастады.

Осы істелген күрделі жұмыстардың арқасында, аудан шаруашылықтары жылдан жылға жүгерінің көлемін және алынаты08н түсімін көбейте бастады. Жүгері өндіруге көп еңбек сіңірген және оның негізін қалаушы ауданның бірінші хатшысы Тәнекеев Қызылорда облысына үлен қызметке ауысып кетті. Оның орнына бірінші хатшы болып бұрын Андреев ауданында райкомның төрағасы болған Саниев Шаймұхан келді. Зәкең ағамыз жаңа келген бірінші басшымен де тіл табысып, жұмыс істеп жатты. Сол жылдары аудан шаруашылықтары жылына 10 миллион пұт жүгері өткізе бастады. Осындай жүгері көлемін және неше түрлі сорттарын араластырмай жөндеп қабылдау үшін, ауданда зауыттың жанынан штаб құрылды. Ол штабты бірнеше жыл райисполкомның бірінші орынбасары Заманбек Батталханов басқарып, жемісті жұмыс істеді.

Штабтың жұмысы алғашқы кезінде өте қиын болды. Себебі, айналдырғпн екі аудың ішінде 150-160-мың тонна жүгеріні сапалы түрде қабылдап, шірітпей, сорттарын араластырмай кептіріп, жоғары тұқым дәрежесіне жеткізу өте қиын жұмыс болды.

04Оның үстіне жүгері өткізген кезде күніне 700-800 жүгері тиелген көлік, ал кейбір күндері бір мыңға жуық та көлік келетін. Міне, біздің Зәкең өзінің үлкен ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында бұл жұмысты да мүлтіксіз орындады.

Заманбек Батталханов Талғар ауданында 7 жылдай аудандық атқару комитетінің төрағасыболып, ойдағыдай жемісті жұмыс істегені бағаланып, сол жылдары жаңадан құрылған Іле ауданына 1973 жылы аудандық комитеттің бірінші хатшысы болып сайланды. зәкеңнің таланты және іскелік үлкен ұйымдастырушылық қабілеті ерекше басшы екенін, сонымен қатар, адамгершілік қасиетінің жоғары болғанын осы ауданда 12 жылдан артық бірінші хатшы болып тұрғанда да көрсетті. Тек Алматы облысының орталығына жақын ғана емес, Республикамыздың орталығы Алматы қаласына жақын ауылда жұмыс істегенде, Зәкең бүкіл республика активімен бірге министрлігімен және ОК-мен Республика үкіметінің басшыларымен жақсы таныс болған. Елу жыл ел ағасы болған республикамызджың бірінші басшысы Дінмухамед Ахметұлы Қонаев Зәкең басқарып отырған ауданда талай рет болып, істеп жатқан жұмысынаүлкен баға бергенін бәріміз жақсы білеміз. Зәкеңнің көп жылдарыСовет және Партия ұйымдарында жемісті істеген жұмыстары жоғары бағаланып көптеген ордендермен және медальдармен марапатталған. Олардың ішінде ең жоғарысы Ленин және Республикамыздың «Отан» ордендері. Одан басқа Зәкең Қазақстан Компартиясының бірнеше съездеріне делегат болған, Қазақ ССР-і Жоғарғы Кеңесінің екі рет депутаты болды.03

Сонымен қатар Зәкең 1981 жылы Кеңестер Одағы Коммунистік партиясы 26 съезінің делегаты болды. Зәкең өткен XX ғасырда туған Жетісу өлкесіне, халқына адал қызмет істеген ұлы тұлғалардың бірі.

Зәкең ұзақ өмір сүріп, әкелік парызын азаматтықпен орындаған, әкелік қуанышы шексіз болған адам.

Ұзақ өмір сүрумен қатар, Зәкең -бақытты әке- бала, немере, шөбере сүйген. Ағамызыдң жақсы аты өшпес. Оның өмірін балалары, немерелері және шөберелері ары қарай жалғастырады.

Зәкең қайтыс болғанда, Алматы облысының басшылары және осы облыстың көптеген аудандарының басшылары және облыстың көптеген аудандарының басшылары, Іле ауданының халқы мен басшылары қатысып, соңғы спарға шығарып салды. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын жарықтық!

Әзтай Меңлібайұлы Ерсалиев,

Қоғам қайраткері, Қазақ ССр-нің еңбек сіңірген зоотехнигі,

Алматы облысының құрметті азаматы

 

 

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s