Өмірбаян

9_maya9_maya9_maya9_maya9_maya9_maya

Заманбек Батталханов 1922 жыл 22 желтоқсан айында Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Үлкен Дихан ауылы,Қаратам қыстауында дүниеге келді. 1942 жылы Қалжат орта мектебін бітіргеннен кейін 1942-1946 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысты.

Соғыс жылдары ол екі рет жарақат алды. Әскери атағы-Гвардия полковнтгі. Қызыл Жұлдыз, 1-және2-дәрежелі Отан соғысының ордендері және Жауынгерлік медальдармен марапатталды.

1952 жылы Абай атындағы мемлекеттік педагогика институтының тіл және әдебиет факультетін тәмамдап шығады. 1946-1954 жылдары Ұйғыр ауданының әр түрлі мектептерінде мұғалім және директор қызметін атқарады.

1955-1957 жылдары аудандық партия комитетінде бөлім меңгерушісі, 1957-1965 жылдары Ұйғыр, Панфилов аудандарының атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары, 1965-1972 жылдары Іле аудандық атқару комитетінің төрағасы, 1973-1985 жылдары Іле аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарды. 1970-1980 жылдары екі рет Қазақ ҚСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты Қазақстан Компартиясының XII ,XIII, XIV, XV съездерінің делегаты, 1921 жылы Кеңестер Одағы Коммунистік партиясының XXVI съезінің делегаты болып сайланды.

1989 жылы Қазақстан «Бүркітшілер» халықаралық бірлестігі құрылады, бірлестігі кеңесінің төрағасы болып сайланды. 1990 жылы 8-ші желтоқсанда Алматы қаласының «Бүркітшілер» фестивалін ұйымдастырып өткізді.

1992 жылы халық бастамасымен Райымбек Батырды есте қалдыру үшін «Райымбек» қоры құрылды. Қор мүшелері Заманбек Батталхановты төраға етіп сайлады. Сол жылы Зәкең және аудан ақсақалдарының бастамасымен Алматы қаласында Райымбек ескерткішінің (күмбезінің) құрылыс жұмыстары басталды.

Еңбек жолында Ленин, Октябрь революциясы, Еңбек Қызыл Ту, Достық, Құрмет белгісі және Жеңістің 55 жылдығына арналған республиканың ең жоғары ордені «Отан» ордендерімен марапатталды. Сондай-ақ, 15-тен астам медальдің иегері және 3 мәрте Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.

1999жылғы Президент сайлау кезінде Елбасының Алматы облысы бойынша сенімді өкілі болған.

Алматы облысының Іле, талғар, Ұйғыр аудандарының және Қапшағай қаласының «Құрметті азаматы» атанды. Зейнеткерлікке шыққаннан бастап, 2003 жылға дейін Алматы облыстық Ақсақалдар алқасының төрағасы қызметін атқарып келді.

 


заманбек

 

 

 

 

 

 

зб

заман

 

 

 

 

 

 

 

 

 

07

 

06

батталханов зам

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s