Адамның кейбір кездері…

оюлар

cropped-d182d0b0d181d18bd0b1d0b5d0bad0bed0b2d0b0.jpg-Қазақ тұлғаға кенде халық емес. Тіпті, әрбір дәуірді тұлғалардың есімімен атауға болады. Тұлға мен тарихты бір-бірінен бөліп қарау қиын. Алашорданың алыптары ХХ ғасырдың басындағы Қазақ тарихын ғана емес, бүкіл түркі дүниесінің заманауи өрісінде еңбек етті. Міне осы үркердей топтың алдын көрген әр саланың майталмандары бөлек жаратылыстар еді. Оның бірі-Әуезов, екіншісі Айманов. Одан өзге қаншама саңлақтарымыз бар… Қазақтың рухани әлеміндегі бетбұрыс кезең өткен ғасырдың 60 жылдарына тұспа-тұс келеді. Бұл шақты түрлі бұғаудан, айдау мен қуғыннан,қызыл қырғыннан әбденесеңгіреген ұлттық жадтың бір сәт мамыражай шуаққа бөленіп, мәйегі қайта толысып, күйзелісі мен күңіренісін ашық айта алмаса да, астарлап жеткізіуге мұрсат алған бейуаз мезгіл десек, жырақ кетпейміз. Шакен Аймановтың қаз-қаз басқан қазақ фильм өндірісіне өзіндік үнін, арман—мұратын енгізе бастауы және не шедевр жасауға, бірдің өзін бірегей етуге ұмтылуы тұтас халықтың жүрегін жылытқаны анық. Айманов секілді дарабоздар ғасырда бір туатын екенін барлық салада мойындатып үлгерді. Ғылымда Сәтбаев тәлімін көргендер біріненсоң бірі елді елең еткізсе, әдебиетте Әуезов мектебі салтанат құрды. Ал кинода Аймановтың айдарына жел есті. Демек, бұл кезеңді- Сәтбаев, Әуезов, Айманов дәуірі деп жіктеуге ешкім қарсы болмас.

         Қазір өзімді Аймановтың көзін көрген жанның бірі ретінде бақытты санаймын. Ол кісінің Әуезов театрының сахнасындағы «Отелло», «Асауға тұсау», «Ақан сері — Ақтоқты» қойылымдарындағы шынайы образдары жадымда әлі жаңғырып тұр. Ақвн сері Шакен, Ақтоқты – Шолпан апамыз. Ақан серіні ойнағанда, тура сол серінің өзі сахнада жүргендей аура қалыптастыратын. Даусының өзі мүлдем бөлек. Ондай дауыс өте сирек. Біз кіл алыптардың ортасында өнерімізді шыңдадық. Олардың ақыл-өнегесін, риясыз әңгімелерін, тарихымыз жайлы үздікүздік сырларын тыңдадық. Біз театрдың Татарстанның Қазан қаласына гастрольдік сапарына барғанымыз күні кешегідей ғана көз алдымда. Шакен ағамыздың соншалықты қарапайым, көпшіл мінезі бәрімізді таңдандыратын. Сол жолы жастарға арнайы дастархан жайып,өңкей марғасқаларды ертіп келіп, емін-еркін әңгімелескеніміз ұмытылмас күндердің бірі. Раушан екеумізге «Жиырма бес» әнінің екінші нұсқасын үйретіп еді. Бізді қызындай еркелетіп: «Сендер мықты болыңдар. Кейінгі толқын сендерге қарап бой түзейді. Сахнадан киелі ештеңе жоқ»,- деп отыратын. Қазан сапарында Волга өзеніне параходпен серуендеуге шықтық. Бәрімізге билетті Шакен ағамыз сатып алыпты, Күні бойы Волга бойында қыдырдық. Параход жағаға тоқтап, тамылжыған табиғат аясында ән айтып, күй шертіп, думандаттық. Татарлар кіл әріптестерін, әнші-кұйшілерін жиып, қазақ-татар өнер жарысын өткізгендей әсерге бөленіп едік. Ағамыз татарша әнді нақышына келтіріп орындағанда, татарлар бастарын шайқап, қазақ актерінің талантына таңырқап, сұлу бикештері мен актрисалары Шакен ағамызды айналсоқтап, шықпай қойып еді… Әсерлі де қайталанбас сәттердің бірі еді.

         «Ән қанаты»фильмінде Шакен ағамыз көркемдік жетекші, Әзірбайжан ағамыз режисері болды. Мен сонда әнші Майраның протатипі Сабираның ролін ойнадым, Шакен ағамыздың сошалықты қарапайымдылығына сонда тағы бір куә болдық. Фильм Шымкентте түсірілген. Әр күні ел қонаққа шақырады, бір-біреуінен ағамыз қалыс қалмайды. Паңсыну мен бәлсіну жоқ. Барған жерін ду қылып, ән салып, ақсақалдармен түрлі тақырыпта әңгімелесіп, үй иесін де, қонаққа барған біздерді де зеріктірмейді. Кей түндері таң атқанша отырады екен. Ертесі ұйықтамастан жұмысын жалғастыра береді, ал бір ұйықтаса бұрынғының батырлары секілді бірер тәулік қозғалмай жатады. Қай үйге қонаққа барса да, сыпайылығы, адамшылығы, ең бастысы шындығы топтыортаны өзіне қарататын. Бұрынғының билерінше көсіліп сөйлейтін.

         Шакен Аймановты соңғы рет көргенім әлі есімде. «Отелла» қойылымынан соң баршамызды дағдылы дархан көңілмен дастарханға шақырды. Әдеттегідей ақжарқын, көңілді. Жамағатқа ықыласты жүзбен қарап: «Москвадан оралысыммен алты сериалы «Абай»фильмін түсіремін. Акемтеатрды, Жастар театрын және Шымкенттегі қазақ театрының жұмысын уақытша тоқтатамын. Мен Абайды таптым. Енді кешіктірмей қолға алу керек»,- деп еді жарықтық. Мәскеуден кері орала алмады. Ағамызды ажал алып кетті дегенде, біз сенерімізді не сенбесімізді білмей, аңырып қалдық.

         Шакен тапқан Абай кім?Бізге белгісіз Айманов бүгінгідей актерлерді кастингпен қабылдамайтын, өзі оңаша асықпай іздейтін. Ел арасынан табатын. Өзінің көңіліндегі адам кезікпейінше, іске кіріспейтін. «Абай» сол кезде түсірілгенде, бір кетігіміз бүтінделер еді. Абайдың образы театрда әр түрлі деңгейде қойылып келеді. Анық Абайдың өзіндей болмаса да, көркем бейнесін шама-шарқынша ашуға ұмтылды.Бірақ кино саласы ұлы хакімнің болмысына дендей алған жоқ. «Абай» фильмін түсіру- Аймановтың көптен ойында жүрген арманы, мүмкін, өміріндегі ең ірі мақсат болған шығар?… Абайды таптым деуі- сол ойға жетелейді. Қазақтың ұлыларының Абайданайналып өте алмайтыны, Абай әлеміне аяқ баспай,жандарының жай таппайтыны белгілі. Кейде «Абай» фильмін түсіремін деп бекер айтты ма екен деген ой келеді санама. Жұмбақ өліміне үңілген сайын, осы сөздіеске аламын. Ол- кино өнерінің м№трі еді. Саналы ғұмырында бірегей туындыларын ұсынды.Ол жаққан жарық, ол шашқан жылу қазақ руханиятымен бірге мәңгі жасайды.Кейінгі ұрпақ Айманов әлеміне әлі талай оралары хақ.

оюлар

 

 

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s