Отбасы

Әкем Жылқышы Тәсібеков 1900 жылы туыпты. Отбасында қыздар көп болыпты да, «әпкелері мен қарындастарының қырық жетісін алатын осы жігіт болады» деп, атын Жылқышы қойған екен. 4кластық біліммен әкем жиырма жыл колхоз басқарды. Алматы облысы Іле ауданында колхоздардың бәрінде болмаса да, дерлігінде бастық болып, өз қолымен іргесін қаласқандардың бірі. Әкем соғысқа дейін «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталған, Мәскеуде Бүкіодақтық Ауылшаруашылығы көрмесіне қатысқан, съезге делегат болып сайланған. Осыған қарамастан, 1942 жылы майданға өзі сұранып барған. Алғашқыда алты ай Алматы қаласындағы Тастақ аталып кеткен жерде әскери дайындықтан өткен. Анам екеуміз тамақ әкеліп беріп кеткен кезіміз есімде. Бірде гарнизонда жаттығып жүрген кезі екен, анам қолыма тамақты беріп, кішкентай тесіктен мені өткізіп жіберді. Сапта тұрған әкеме жүгіріп барып қолымдағы сәлемдемемді ұстаттым. Командирі кішкентай балаға не десін, білінер-білінбес езу тартқан болды да қойды. Әкем майданға аттанып бара жатқанда, солығымды баса алмай қатты жылағаным да әлі күнге жадымда. Әкем соғысқа қатысып, екі жылдан кейін оң аяғына оқ тиіп жараланып, елге қайтты. «Сенің қатты жылағаныңнан кейін қайттым» деп отыратын. Өзі Украинадағы майданда соғысыпты. Көздеуші мерген болған. Қоршауда да қалған екен. Оң аяғына оқ тигенде, окопқа аунап үлгеріпті. Дұшпан бұларды әбден жақындатып алып, аяқ астынан төпелетіп оқ жаудырған көрінеді. Әкемнің окопқа түсіп кеткенін көзі шалып қалған жауынгер жолдастары көмекке келейін десе, дұшпан мұрсат бермейді. Өзімен бірге қазақтың жігіттері де болыпты, әкемді құтқару үшін әр ағаштың түбіне сағаттап жетіп, окопқа жеткенде, әлгілер әкемді құшақтап: «Арманыңыз жоқ, аға, енді елге қайтатын болдыңыз» деп жылайтын көрінеді. Әкемді арқалап, траншеямен докторға жеткізіпті. Әкем аттанып бара жатқанда, анам жүріп бара жатқан пойызға бір дорба темекі лақтырып үлгеріпті. Соғыста әкемді осы темекі асыраған екен. Арып-ашып, жаяу-жалпы, қоршауда жүрген кезінде бір тал темекі берсе, майдандастары да, тылдағы қарапайым село тұрғындары дабір тал картобымен не бір үзім нанымен бөлісіп, сөйтіп жан сақтаған екен. Әкем елге келгенде еркек кіндіктіден адам жоқ, жас бала, кәрі-құртаң жаутаңдап жарымжан әкеме қарайлай береді. Сөйтіп аудан «үйреншікті тірлігің ғой» деп, бірден КазЦИК-ті басқаруға жіберіпті. Аш-арық, жесір-жетімге көмектесіп, бәріне бір-бір уыс бидай беріп, ауыртпалықтан аман алып шығыпты. Әкем осы еңбегі үшін соғыстан соң тағы да орденмен марапатталды. Бірақ соғыс салған жарасы бәрібір сыр беріп, 63 жасында өмірден өтті.

Торғын Тасыбекова, одан кейін Жұматай Тасыбеков осы Іле ауданының көптеген шаруашылығында аға зоотехник қызметін атқарды. Қазір зейнеткер. Одан кейін Райхан Тасыбекова осы Комсомол ауылында туып-өсіп, жоғары білім алып, осы ауылда 40 жыл алдыңғы қатарлы кітапханашы болып еңбек еттіп, әкем осы жұмыс қыз балаға лайықты деп жетектеп апарған. Қандай қиыншылық болса да адамға шыдамдылық, төзімділік керек деген әке өсиеті әлі күнге дейін құлағымда сыңғырлап тұрғандай. Бауыры Жұмахан Тасыбеков жоғарғы оқуды бітіргенен кейін ауылдағы №31 орта мектепте мұғалім, одан кейін директор болып екі жыл істеп, одан кейін Чапай ауылындағы мектепте 16 жыл директор болған, қазір Алматыдағы мектепте директор. Жұмағыз Тасыбеков мұғалім болып қызмет атқарды. Қазір зейнеткер. Әкеміздің немерелері де мұғалім Шырын Өзбекқызы, Айгүл Тасыбекова №31 орта мектепте мұғалім. Алмаз Тасыбеков жоғары білімді мал шаруашылығында еңбек етеді.

Анасы-Тасыбекова Зейнеш.

220px-Әшірәлі_Кенжеұлы1Аяулы жары-Әшірәлі Кенжеұлы -ҚР халық әртісі

Әшірәлі Кенжеұлы (1946 жылы туылған) -(6.12.1946, Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Кәлтоған ауылы — 19.9.2001, Алматы) -актер, Қазақстанның халық артисі (1998). Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген (1969). Өнер жолын 1968 жылы Қазақ академия драма театры сахнасынан бастады. Ол Қозы (Ғ.Мүсіреповтің «Қозы-Көрпеш -Баян сұлуында»), Алшағыр, Көлбар, Кеңгірбай (М.Әуезовтің «Қара қышлақ Кобыланды», «Айман — Шолпаны», «Еңлік — Кебегінде», Абай (Б.Римованың «Абай -Әйгерімінде»), Демесін, Айтөре (Д.Исабековтің «Кішкентай ауылы» мен «Ескі үйдегі екі кездесуінде»), Қайырбай(С.Балғабаевтың»Ғашықсыз ғасырында»), Мард (Шахимар-деннің «Томирисінде»), Құнанбай (И.Сапарбайдың «Абай — Әйгерімінде»), Гарпагон (Ж.Мольердің «Сараңында»), т.б. рольдерді шебер орындады.

Қыздары- Айдарбекова Айнұр, Кенже Айжан, ұлы- Кенже Азамат.

Реклама