Торғын туралы толғаулар

      1d70a79fa5e4370cc9f736783408f5a5

  Торғынның өнер жолында ерекше із қалдырған, көрушілердің көңіліне ерекше ұялаған бір бейне бар. Ол- жазушы Шыңғыс Айтматовтың «Ана жер анасындағы» Әлиман бейнесі. Әлиман- Торғынның талмас ізденісінен туған тартымды бейне.

         Торғынның өнер өрісінің кеңейіп, көк жиегінің ашыла түсуіне тікелей үлес қосқан адамы- М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының бас режисері, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әзірбайжан Мәмбетов екенінде дау жоқ.

         Қазірдің өзінде өнер өрінде сан салалы қырынан көрінген. Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген артисі Торғын Тасыбекова- табысқа тасып- мақсаттанбайтын, қайта ізденіс үстінде, өрлеу сапарында шеберлігін шыңдап, сахна төріне қырмызы гүлдей құлпыра түсетін талант иесі. Келер күндер Торғынға келелі міндеттер жүктейді. Өнер өріне өзінің барын сала құлаш ұрған жас талант Торғын Тасыбекова сахна төрінде қуаныш шырағындай көруші жұртшылығын өнер шаттығына әлі де бөлей беруі хақ.

 

«Қазақстан әйелдері». №12,1971ж

Серік Тұрғынбеков

      Торғын таудың қызы. Тауға қарап өскен арманшыл қыз. Аттың шабысын, бәйгелердің тартысын, елдің айтысын көрген- соның бәрін өзінің бойынаактриса ретінде сіңірген. Бұл кісі өлең айтқан кезде ерекше айтады және ән образын жасайды. Әнді қазір қалай болса солай айта береді ғой, ал ол кісі әнді образбен айтады. Әнді жанымен, бар болмысымен, әннің күллі ішкі құбылысымен, ішкі шиеліністермен, әндегі тартыстармен, әндегі романтикамен, мұңмен айтады. Торғынды әнші актриса деп айтуға болады. Драма актрисасына ең керек басты нәрселердің бірі- әншілік әлемі, сахнадағы көркінің тартымдылығы десек, бұл жағынан келгенде ол өте бақытты актриса.

Есмұхан Обаев

    Торғын өте мықты актриса. Біздерге бөлінген рольдерде көбіне ол бірінші құрамда, ал, мен екінші құрамда ойнайтынбыз. (мен Мөржан ролін ғана бірінші құрамда ойнадым). Біздер, бірақ, бірінші, екінші деп бөлісіп жатпай, бірге жүрдік, жақсы құрбы, әріптес болдық, әлі де солаймыз. Ш.Аймановтың «Ана- Жер анасын» Әзекең қойғанда Әлиман ролін Нүкетай, Торғын және мен үшеуміз ойнадық. Торғынның Әлиманы өте жақсы шықты, оның актерлік өмірбаянындағы биік рольдерінің бірі дей аламын.

13 маусым, 2013ж

Салиха Қожақова

1d70a79fa5e4370cc9f736783408f5a5

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

w

Connecting to %s