Өмірбаяны мен шығармашылығы

cropped-d182d0b0d181d18bd0b1d0b5d0bad0bed0b2d0b0d0b0.jpg

оюлар

Тасыбекова Торғын,  ҚР Халық артисі, «Құрмет» орденінің иегері Алматы облысы, Іле ауданы, Ынтымақ ауылында дүниеге келді.

1957-1961ж ж. Құрманғазы атындағы консерваторияны  актерлік бөлімін профессор А. Тоқпановтың шеберханасында үздік бітіріп шықты. Сол жылдан бері М. Әуезов театрында еңбек етеді.  

Театрда «Абай» (М. Әуезов) трагедиясында Мағыш, «Сенек қорыған ит» (Лопе де Вега) спектаклінде Марселла рольдерімен сәтті тұсаукесер жасаған актриса  сахнада жүзден аса роль – сан тағдырлы әйелдер бейнесін сомдады. Актрисаның бойындағы нәзік лиризм, шынайы сахналық ойын, әуезді дауыс, әншілік әсем үн ол кескіндеген бейнелерді бірден ерекшелендіреді.

Ұлттық, әлемдік классика мен заманауи драматургияда:

«Той боларда» /Ә.Тәжібаев/ Айбала, Шекспирдің «Асауға – тұсауы» мен «Отеллосында»  Бьянка, Қ. Шаңғытбаев пен Қ. Байсейітовтің «Беу, қыздар-ай!», «Ой, жігіттер-ай!» комедияларында Жансұлу, М. Әуезовтің «Түнгі сарынында» Маржан, «Қобыландысындағы» Құртқа, «Қарагөзіндегі» Ақбала, С. Мұқановтың «Шоқан Уәлихановында» Катерина, Пушкиннің «Шағын трагедияларында» Лаура, М .Фриштің «Дон Жуаннның думанында» Донна Анна, Ш. Айтматовтың «Ана-Жер-анасында» Әлиман, «Ақ кемесінде» Бекей, Ғ. Мүсіреповтің «ҚозыКөрпеш-Баян сұлуында»  Баян, М. Каорудың «Шығыстағы бір бейбағында» Фумыко, Ә. Тәжібаевтың «Майрасында» Айбарша, С. Ахмадтың «Келіндер көтерілісінде» Луфти, М. Булгаковтың «Жендеттерінде» Риваль, Н. Гогольдің «Ревизорында» Мария Антоновна, Ф. Эрвенің «Түлкі бикешінде» Корина, Т. Ахтановтың «Жоғалған досында» Ғайни, Б. Римованың «Абай-Әйгерімінде» Әйгерім,  Е. Домбаевтың «Желіккен жеңгейлерінде» Аймекен, Д. Исабековтің «Ескі үйдегі екі кездесуінде» Зейнеп, Р. Мұқанованың «Мәңгілік бала бейнесінде» Қатира, Иран-Ғайыптың «Естайдың Қорланында» Қорлан, Шахимарданның «Томирисінде» Елес, Қ. Ысқақ пен Шахимарданның «Қазақтарында» Ана,  Б. Жәкиевтің «Жүрейік жүрек ауыртпайында…» Күлегеш әйел, А. Чеховтың «Апалы-сіңлілі үшеуінде» Анфиса (ауд. Ә. Бөпежанова, реж. Р. Андриасян, А. Кәкішева), т.б.

Т. Тасыбекова  радио мен  телевидение, кино өнеріне де атсалысып келе жатқан өнер иесі. Ол әнші Майраның прототипіС әбира ролін орындаған «Ән қанатында» («Қазақфильм» киностудиясы) фильмі қазақ киноөнерінің алтын қорына енді.

Актриса көп жылдар бойы Т.Жүргенов атындағыҰлттық Өнер академиясында актер шеберлігінен сабақ беріп, шәкірттер даярлап шығарды.Қазақстанның халық артисі, «Құрмет» орденінің иегері.

оюлар

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s