Тілендиев Нұрғиса Атабайұлының өмірбаяны

1d70a79fa5e4370cc9f736783408f5a5

Тілендиев Нұрғиса Атабайұлы   1925 жылы 1 сәуірде, Алматы облысы, Іле ауданы, Шилікемер ауылында дүниеге келген. Композитор, дирижер, домбырашы. Қазақстанның (1975) және КСРО (1984) халық артисі, Қазақстанның Халық Қаһарманы (1998). Екінші дүние жүзілік соғысқа қатысқан. 1949-50 жылдарында Алматы консерваториясында (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы), 1950-52 жылдары Мәскеу консерваториясын (профессор Н.П.Аносовтың класы бойынша) оқыды. 1952-61 жылдары Қазақ академиялық опера және балет театрының дирижері, 1960-64 жылдары Қазақ академиялық халық аспаптары оркестрінің бас дирижері болып қызмет атқарды.

Н.Тілендиев Қазақ академиялық фольклорлық-этнографиялық халық музыкалық аспаптары «Отырар сазы» оркестрін Қазақ филармониясы жанынан 1980 жылы ұйымдастырды. Алғаш шағын ансамбль ретінде жұмыс істеді,ал 1982 жылдан оркестр болып құрылды.Мұндағы қос ішекті, үш ішекті домбыралар, қобыз, сыбызғы, саз сырнай, жетіген, шаң қобыз, асатаяқ секілді ертеден белгілі музыкалық аспаптардың орындауындағы шығармалар өзінің ұлттық нақышымен ерекшеленеді. Кейіннен оркестрдің аспаптар құрамы кең шанақты және шіңкілдек домбыралар, нар қобыз, жез қобыз, мес қобыз, сазген, аса шертер, адырна, даңғыра, т.б. музыкалық аспаптармен толықтырылды. Репертуарында халық күйлері «Кеңес», «Салкүрең», «Сарыөзен», халық композиторларының Тәттімбеттің «Қос басар», «Сарыжайлау», «Сылқылдақ»; Сүгірдің «Кер толғау», «Бес жорға»; Ықыластың «Ерден күйі», «Қамбар батыр» , осы заманғы қазақ композиторларының М.Төлебаевтың «Еске алу»; Н.Тілендиевтің «Ата толғауы», «Аңсау», «Көш керуен»; К.Күмісбековтің «Фараби сазы», «Қорқыт күйі» шығармалары бар. Оркестр 1984 жылы Алматы қаласында өткен Бүкілодақтық фестивальға қатысты. 1985 жылы Мәскеудің П.И.Чайковский атындағы Үлкен концерт залында өткен шығармашылық концертте жоғары кәсіби орындаушылық шеберлігін танытты. 1985 жылы Оркестр Бүкілодақтық Комсомол сыйлығының лауреаты атанды.

1968-81 жылдары «Қазақфильм» киностудиясы музыкалық редакциясының бас редакторы, 1981-98 жылдары өзі ұйымдастырған «Отырар сазы» фольклорлық этнографиялық ансамблінің көркемдік жағын басқарды. Еркін төгілген әсем әуен, сымбатты ырғақ, нәзік лиризм, азаматтық пафос пен динамикалық серпін – композитор шығармаларына тән қасиет. Алматы консерваториясының құрметті профессоры (1995) болған. Қазақстан Мемелекеттік сыйлығының (1978) иегері. 1999 жылы Алматы қаласында композитор есімімен көше (бұрынғы Софья Ковалевская атындағы), «Отырар сазы» фольклорлық этнографиялық ансамблі (2000) аталады және ол тұрған үйге (Алматы қаласы, Қонаев көшесі, 96-үй) мемориалдық тақта орнатылды. Отан ордені, 2 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған. 1998 жылы қайтыс болды. Топырақ бұйырған жері Жамбыл кесенесінің іргесі.

1d70a79fa5e4370cc9f736783408f5a5

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s