Ұлылардың сөзі

1d70a79fa5e4370cc9f736783408f5a5

  • Менің ием, жолбарысым Тілендінің баласы Нұрғисаға кетті. Түсімде соның алақанын жалап тұр екен. Ендігі иесі сол болар.

                                                                                                  Жамбыл   Жабаев

  • Музыка – адамзаттың әмбебап тілі ғой. Ол біздің жан – дүниемізді байытып, әсіресе, ұлттық сана – салтымызға баулитын сиқырлы күш. Мен Нұрғиса Тілендиевтің шығармаларын тыңдаған сайын осындай ойға қалам.

Дінмұхамед Қонаев

  • Тілендиев жазған күйлер тыңдаушысын қуанта да алады, жұбата да біледі; толғандыра отырып ойландырады; әлдилей отырып әдемі әсерге бөлейді, онда атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік асыл қасиеттер, инабат иірімдері, мейірім мен рахым шапағаты жаныңды баурайды; ионда мұқалмас жігер, қанаттандырар қайрат, өрлік пен өжеттік, ұлттық рух, намыс бар; меніңше, Тілендиевтің күйлері бүгінгі тыңдаушысын қалай бейжай қалдырмаса, енді он, жиырма, жүз жылдан кейін де дәл бүгінгі құдірет күшін солай сақтайды; өйткені ол ықылым заманғы бабалар рухымен, арман – мақсатымен сабақтас.

Нұрсұлтан Назарбаев

  • «Нұрғисаның тұла бойы толған дыбыс қой, оның денесінен бір жапырақ етті үзіп алып, лақтырып тастасаң, ол екеш оған дейін бүлкілдеп, өлең айтып жатады.

Қанабек Байсейітов

  •    Нұрғисаның талантты екенін, тұла бойы толған ән, әуен, саз екенін білу үшін онымен бір рет дидарласып, кездессе де жетіп жатыр… Осы бір ақжарқын, аржайы, ашық жігіттің қарапаймы дыбысқа қалай жан бітіріп жібергеніне таңданасың. Еш нәрсеге көңілі селт етпейтін осы дүниедегі ең бір енжар, самарқау жүретін кісіні де жағасынан ұстап алып жұлқып – жұлқып қалғандай, құдіретті күшті қаптатып жіберетініне сенер – сенбесіңдң білмейсің.

Әбдіжәміл Нұрпейісов

  •     Н.Тілендиев бір ғасырда бір туып, ғасырлар бойы өзінің өнерімен халқының            ортасында өмір сүретін тұлға.

Еркеғали Рахмадиев

  • Домбырашы Нұрғисаның қолына домбыра тисе, теңіз төрінде дауыл көтерілгендей, алай мен дүлейдің аласапыранына түсіп, дирижер Нұрғисаның қолына оркестр тисе, Алатау жапырылып, Атлант сапырылып кеткендей, аламан – асырдың астында қалдырып, композитор Нұрғиса билік алса, аспан ашылып, шуақ шашылып, дүние жарқырап жүре беретін қазіргі дәуренімізді көре қалғандардың өксімей, ести қалғандардың көксемей өтуі еш мүмкін емес. Жүректің дүлгіріне, қиялдың қиырына, арманның тұңғиығына ондай терең бойлай алатындар тым сирек еді – ау.

Әбіш Кекілбаев

  • Нұрғиса Тілендиев – қазақ даласын сахнаға айналдырып сазға бөленен жасампаз; музыка өнерінің ашылмай кеткен жұмбағы, шешілмей кеткен сыры; таусылмайтын кені, тот баспайтын асылы, сарқылмайтын бұлағы, сөнбейтін шырағы, талмайтын пырағы, қалқайған құлағы; лапылдаған жүрегі, құламайтын тірегі, ақиқат шындығы, асқақ үні; алтын діңгегі, мінсіз ұстасы; өшпейтін өнегесі, азбайтын рухы; әннің тіккен туы, асқар тауы, күйдің соққан желі, қара дауылы, ақ бораны; мауқымызды басқан, әні елге ем болған балгер; бармағынан бал тамған арқалы домбырашы, кеудесінен күй қоздаған күй – құдірет.

Мырзатай Жолдасбеков

  • Сөз жоқ, Нұрғиса Тілендиев оқшау дара тұлға. Зор талант иесі. Халқымыздың ақындық, әншілік, шешендік, күйшілік, композиторлық рухы, күш қуаты бір басында тоғысқан жаратылысы жомарт біртуар жан.

Жәнібек Кәрменов

Осы ой – толғамдардың алып – қосары жоқ, бәре де ақиқат сөздер. Ойдың орамын Тілендіұлы Нұрғисаның өз сөзімен түйіндеуге болар: «Кейде мен өзімді әке – шешеден тумағандай сезінем. Өйткені, халық алақанына салып, өмір бойы аялап келеді,» — дейді екен. Бұл да шығар күндей шындық.

       “Жазылмаған іс көкейде көп тұрмайды”, деп Жүсіп Баласағұн айт­қандай, сан ғасырлық тари­хы­мыз бір замандары тасқа қашалып жазылса, одан кейін кітаптарда өрнектеліп отырған.

Тәуелсіздік ал­ған­нан кейін де небір қиындық­тар­ға қарамай, бұл үрдіс жалғасын тауып келді. Соңғы өрлеу кезеңін­де игілікті іс, тың белестерге көте­ріл­ді. Соның айғағындай, том-том кітап­тар жұрт қолына тиіп, ел тарихын қалың қауымның танып-білуіне ерек­ше септігін тигізе бас­та­ды. Со­ның бір дәлеліндей, құралған. Жинақтың мақсаты ұлы сазгердің асыл мұраларын сақтап, оны халық игілігіне жарату.

 ҚазАқпарат — Алматыдағы «Өнер» баспасынан Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Жарқын Шәкәрімнің Д.Тілендікелінімен бірлесіп «Нұрғиса Тілендиев « деген 8 кітабы жарыққа шыққан болатын.

       Ұлы композитор,дирижер Нұрғиса Тілендиевтің «Алатау»кітабына жұртшылық көңілінен шыққан, алпысыншы-жетпісінші жылдары жазылған тамаша туындылары енген.Жыл өткен сайын композитордың шығармалары өміршеңдігін танытып, халқымен бірге жасай бермек.

Бұл кітап әйгілі күйшікомпозитор, дирижер, дәулескер домбырашы. Қазақ КСР халық әртісі , КСРО халық әртісі , «Халық қаһарманы» «Отырар сазы»ұлт-аспаптар оркестірінің негізін қалаушысы Н.А. Тілендиевтің алғаш шыққан кітаптарының бірі:жинаққа композитордың халық арасына кең тараған әндері енген.

1d70a79fa5e4370cc9f736783408f5a5

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s