Өмірбаян

cropped-d182-d0bad0b5d0bdd0b5d0bdd29bd18bd0b7d18b.jpg

Төрткен  Кененқызы  1936 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданында   туған.  Әкесі  Кенен  Әзірбаев    халық  ақыны,  сазгер ,  әнші.    Анасы  Нәсиха  жұмыс  істемеген,  көп  балалы  ана.

1943-1953  жылдар  аралығында   алғаш  Отар  станциясында    жеті  жылдық    мектепте,  одан  соң  Алматы  қаласы   №12  қазақ  мектебінде оқып,  орта  білім алған.

1954-1960  жылдар  аралығында  Абай  атындағы  Қазақтың  Мемлекеттік   педагогика институтында   оқыған.     Мамандығы  қазақ  тілі  мен   әдебиетінің    мұғалімі.

Еңбек  жолын  өзі   тұрмысқа  шығып   барған   Талдықорған  облысы,  Гвардия  ауданында  Жоламан   станциясының    № 274  орта  мектебінде    аға  пионервожатыйлықтан   бастаған.    1961-1962    жылдар  аралығында  жолдасы    Байльденов    Тасығанның  жұмысына     байланысты   Текелі  қаласына    көшіп  келіп,    осы  қаланың  №4    мектебінде     бастауыш   кластарға    қазақ  тілінен   сабақ   берген.   1962 жылдың   тамыз  айынан   1964    жылдың  аяғына    дейінгі  аралықта жолдасының  Москваға оқуға  кетуіне   байланысты  Киров  колхозына (Жамбыл  облысы,  Қордай  ауданы)  ата- анасының  қолына  балаларымен  көшіп  келіп,  осы  колхоздың    орта  мектебінде  қазақ  балаларына      орыс  тілінен  сабақ  берген.    1964 жылдың  аяғында  жолдасы  Алматы   қаласына  қызметке  жіберіліп,  мұнда   1965 жылдан  бастап  1974  жылдың  тамыз  айына    дейін  А.С.  Пушкин  атындағы   республикалық   кітапханада ( қазіргі  Қазақстан  Республикасының    ұлттық   кітапханасы  ) аға  библиограф  болып  қызмет  атқарған.   1974  жылы  жолдасының    қызметіне   байланысты    Іле  ауданының  сол  кездегі  орталығы  Қапшағайға көшіп  келген.  Алғаш   профтехучилещеде    тәрбиеші  болып  3-4  айдай  еңбек  еткен.    Осы  жылдың  аяғында    Іле  ауданының  орталығы  өзгеріп,  Энергетик /  қазіргі   Өтеген  батыр  кенті/  елді  мекеніне  көшіп  келген.   Осы  жерде    Төрткен  Кененқызы    зейнеткерлікке       шыққанша    Іле  аудандық    халық  ағарту   бөлімінде  еңбек  еткен.    Алғаш   қазақ   тілі  мен  әдебиетінің  әдіскері ,    инспекторы  болып,    онан  соң    аудандық     әдістеме  (методика)     бөлімін  басқарған.      Ал  1979-1987  жылдар  аралығында    Іле  аудандық   мұғалімдер кәсіподағының     басшылығына  сайланған.    Зейнетке  кетер  алдында  аудандық   қадр   бөліміне  ауысқан.

Отыз  жылдан     астам  халық  ағарту  саласында  істеген еңбегі  елеусіз  қалған  жоқ.   1981   жылы  “СССР   халық  ағарту     ісінің  озық  қызметкері”,     1985 жылы   “Қазақстан  Республикасының  халық  ағарту    ісінің   озық  қызметкері”   деген  белгілермен,    1995 жылы  ҚР- білім   Министрлігінің     Құрмет  грамотасымен  марапатталған.  Еңбек  ардагері.    Төрт  бала – екі  қыз,  екі  ұл   тәрбиелеп  өсірген  ардақты    ана.     Бұл күнде  олардан  он  бір  немере  сүйіп,   өсіріп  жатқан  аяулы  әже.

Өмірбаяндағы  ендігі  бір  елеулі  жайді  айта  кеткен  жөн   сияқты.     Дарынды  отбасында  өскен Төрткен  Кененқызы   өнерді  мейлінше    сүйеді,                өнерліні  қатты    құрметтейді.   Мектеп  жасына  дейін  әкесімен    бірге  ауыл  еңбекшілерін    аралап,   малшылардың ,   қырықтықшылардың,   шөпшілердің,  егін  басындағылардың    алдында  ән  айтып,  тақпақ  айтып  өскен   Төрткен  Кененқызы  мектепке  барған  соң  да   көркемөнер    үйірмелерінің  белсенді  мүшесі  болған.     Кейінде  халық  ағарту  саласында   еңбек   ете  жүріп,   көркемөнерден   еш  уақытта  қол  үзбеген  ұстаз.    Қайда  жүрсе  де,  нендей  қызмет  атқарсада,   еңбекшілер,  әсіресе  оқушылар  арасынан  өнерге  жақындарын   ұйымдастырып,  ансамбль  құрып,  ел  арасына  концерттермен  шығып,   жастан    алғыс,    үлкендерден     бата  алған   кездері  аз  болмаған.  Бұл   салада   да  еңбегі  үнемі  ескеріліп,  марапатталып  отырған.    Аудан,   облыс,    республика  тіпті    Одақ  көлемінде  алған  грамоталары,   дипломдары,  алғыстарының  өзі  бір  төбе.    Солардың   ішіндегі  ең  негізгілері:   “  Қазақстан  жастарының    тұңғыш  фестивалінің”    лауреаты   (1957ж.),    “  Бүкіл     Одақтық көркемөнерпаздар  творчествосының”    лауреаты  (1985ж.),   “Тұлпар”  сыйлығының   лауреаты    (1995ж.)  атанғандары.

Зейнетке   шыққаннан  кейін  де   Төрткен   Кененқызы   еңбектен  де,   қоғамдық  жұмыстардан  да  қол  үзбей  келеді.    Егемендік    алған  жылдар    ішінде  бұл  кісі  араласпаған  ауданымызда    бірде-бір  іс-шара       жоқ  десе  де  болғандай.    Аудандық  ономастика  комиссиясының,    “Қазақ  тілі” қоғамының    белсенді  мүшесі.   Аудан орталығы “Энергетический” деп аталынушы еді, оның “Өтеген батыр кенті” аталуына да, осы орталықта ашылған ”Мұқағали  Мақатаев  атындағы қазақ орта мектебінің” және “Қуат” қазақ балабақшасының ашылуларына да, ауданымыздағы Наурыз сияқты көптеген мерекелердің өз дәрежесінде өтуіне де тағы да толып жатқан қоғамдық істерге ат салысып жүргені. Сондықтан да болар аудан еңбекшілері оны 1999 жылы Іле  аудандық  Мәслихатының депутаты етіп сайлады. Ал 2001 жылы тәуелсіздігіміздің 10 жылдығына орай “Іле ауданының Құрметті азаматы” атағы берілді.   Міне,  үшінші жылға аяқ басты аудан орталығында үлкен құрметке ие болып жүрген зейнеткерлерден құралған “Ардагерлер” ансамблінің алғашқы ұйымдастырушысы да осы Төрткен  Кененқызы.    Бұл  ансамбіл  қазір    “Халық  ансамбілі”   атағын  жеңіп  алды.

Төрткен    Кененқызын   ел-жұрт,   жалпы  халық  “Асылдың  сынығы  ,     әке  өнерінің  мұрагері”    деп  те   бағалайды, құрметтейді.  1984  жылы   ақын   еңбектерінің  екі  томдық   таңдамаларының  шығуында  редакция   алқасына  еніп,  көп  еңбек  еткен.   1988  жылы  “Жалын”   баспасынан  “Кенен”  деген  атпен  естелік  — эссе     жазып    жеке  кітап   етіп  шығартқан.    2005  жылы   әкесінің  туғанына   120  жыл  толу   мерекесіне  орай  “Кенен  ата”  деген  атпен  “Қазығұрт”    баспасынан  алғашқы   “Кенен”  деген   еңбегін    толықтырып      қайта  шығартқан .  2000 жылы  әкесі  жайында  жазылған   естеліктер   жинағын  құрастырып,  “Екі  Кенен  тумайды”   деген  атпен    “Шартарап”        баспасынан  шығартқан.  2002 жылы  әліде  халыққа  жетпей    жатқан  әрі  ертеректе    саясатқа  симаған      көптеген    еңбектерін    жинап,  “Ел  орда”   баспасынан     “Аңыздар  сыры”  атты  кітабын   жариялатты.     Әрі  осы  жылы  әкесінің   өз  үнімен  орындаған  әндерді   “Алатау   аясында”   деген  атпен  және  Төрткеннің     өзінің  орындауында    әкесінің    әндерін  “Ой  жайлау”,     “Мен  сүйемін   халқымды”  деген     аттармен  аудиокассеталар  шығартты.    Өзі  тұрған   !ле  ауданының    Боралдай  елді   мекеніндегі    №15    мектебінің ,  сол  мектеп  тұрған   көшенің   Кенен  Әзірбаев    есімімен  аталуына,      мектепте  ақын  шығармашылығына   арналған  мұражайдың  ашылуына  да  аянбай  ат  салысқан,   ұсыныс  жасап,   көптеген  материалдар  беріп,  басы  қасында   болған  да  осы Төрткен    апамыз.

Төрткен     Кененқызы   1999   жылдан  бері   Алматы   қаласындағы  республикалық   Жүсіпбек   Елебеков   атындағы  Республикалық      эстрада – цирк  колледжінің    “Жетісу   ән-дәстүрі”   Кенен  Әзірбаев  әндерінен  сабақ беріп  келеді.

2001 жылдан  бастап    Қазақстан    Республикасының  Мәдениет  Министрі   мен  Жамбыл   облысы  әкімінің  шешімімен   Тараз  қаласында  екі  жылда  бір  рет  Кенен   Әзірбаевтың  музыкалық   шығармаларына   арналған    “Шырқа  дауысым”     атты  Республикалық    конкурс  өткізіліп  келеді ( 2001  жылдың  20-21  қыркүйек айында,  2003  жылдың   23-24   қыркүйегінде,  2005  жылдың  23-24  қыркүйегінде)   Бұл  байқаудың   өтуін    ұсынып,  жазып,  барып  жүрген  де  Төрткен  апай.    Ең   маңыздысы   осы  байқаулардың  бәрінде    Төрткен  апайдың  өзі  қатынасып  оның  оқытқан   шәкірттері    Кенен  әндерін  орындауда   ерекше  көзге  түсіп  абыроймен  оралуында.  Жасы  70-ті   алқымдап  қалса  да  Төрткен    Кенеқызы   әлі  де  өзін  “жастарға  бергенімнен  берерім  көбейіп  келеді”   — деп.  күледі.

Төрткен  Кененқызы   Қазақстан   Республикасының  “ Мәдениет  қайраткері”   құрмет  белгісімен   марапатталды.   Осы жылдың    12 қазан   айында     өткен     Қазақстан  Республикасының     білім  және  ғылым  қызметкерлерінің    ІІІ  сьезіне    Алматы   облысынан  делегат  болып  қатынасып  Астанаға  барып  қайтты.   2005 жылдың  қыркүйек   айында  “Қазақстан  Канституциясында — 10 жыл”   мерекелік  медалімен  наградталды.

Бүгінгі  күндері   Төрткен  Кененқызы    әкесі  Кенен  Әзірбаевтың   томдықтарын  шығарту   үшін   бүкіл   шығармаларын  толық  жинастыру   үстінде.    Болашақта  “Суретті  альбомын”    шығарту

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s