Іле ауданы тарихының шежіресі

Іле ауданы Алматы облысының оңтүстік-батысында орналасқан. Оңтүстік-шығысында Балқаш ауданымен, батысында Қарасай мен Жамбыл аудандарымен, оңтүстік- шығысында Алматы қаласының жерлерімен және шығыста Талғар ауданымен шектеседі. Аудан 1928 жылы құрылған. 1997 жылы ауданға таратылған Күрті ауданы, Ақши, Күрті ауылдарымен қосылды. Аудан аумағы 7,8 мың км2. Аудан 11 ауылдық және кенттік округтерден құрылған, 32 елді мекен орналасқан, оның ішінде — 4 кент, 28 – ауыл.

Ауданның халық саны — 187500 адам.   49 ұлт өкілдері тұрады,  оның ішінде қазақтар – 58,3 %,  орыстар – 27,3 %,  ұйғырлар – 1,6 %,  немістер – 1,2 %, күрдтер- 2,8 %, украиндықтар – 1,2 % және басқа ұлт өкілдері 7,6 % .

Ауданда 4 темір жол бекеттері орналасқан. Аудан орталығы – Өтеген батыр кенті Алматы қаласынан 3 километр ара қашықта орналасқан.

Аудан шаруашылықтары аудан орталығы мен Алматы қаласына республикалық және облыстық маңыздағы жолдар арқылы қатынайды.

Ауданның 80 % жерлері шөл және шөл дала аумақтарда, Сартауқұм құмдары мен Қараой үстіртінде орналасқан. Қараой үстірті егін шаруашылығында, ал Сартауқұм құмдары — қыстық және көктем-күздік мал жайылымдары ретінде қолданылады.

Аумақтың климаты құрғақ және қатаң континенталды. Аязсыз кезеннің орташа ұзақтығы 150-170 күн.

Ауданда суармалы егін шаруашылығы дамыған. Дәнді және майлы дақылдар, картоп, қант қызылшасы мен көкөністер егіледі. Сонымен қатар қой шаруашылығы мен ет, сүт өндіру шаруашылығы да дамыған.

1924      жылдың  27 қазанында Мойынқұм және сарықұм уездерінен Іле  болыстығы  құрылып, оның орталығы Іле стансасына көшіріледі. 1928 жылдың 17 қаңтарында Жетісу  губерниясы таратылып, уездер мен болыстықтардан  Алматы  және Семей  (бір бөлігінен) округтарынан  аудандар құрылады, Сөйтіп Алматы  және Іле болыстығынан  Іле ауданы құрылып, оның орталығы Садықбай ауылы , қазіргі  Шилікемір болады.

1987 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша орталығы Энергетикалық поселкесі болып табылатын Іле ауданының  аумағы 6,6 мың шаршы шақырымды қамтыды. Бұл кезде ауданда 9 селолық, поселкелік Кеңес, 3 жұмысшы поселкесі болды. Оның орталығы да әлденеше  рет  елді мекеннен елді  мекенге  ауысып отырған . Бұрынғы  Садықбай (Шилікемер) ауылынан бастау  алған  аудан орталықтары Қызыл-Ту, Талғар, Николаевка, Іле (кейіннен Қапшағай), сияқты  селоларға жалғасып, тек Энергетик, қазіргі Өтеген батыр  кентінде  ғана тұрақты орын теуіп отыр.

Ауданның солтүстігі Алматы қаласымен шекараласып жатыр. Шығысы Талғар, оңтүстік — батысы Қарасай,батысы  Жамбыл аудандарымен  қиылысады. Бүгінде аудан көлемі 7,8 мың шаршы шақырымды алып жатыр. Халық саны  180 мыңға жетті. Мұнда  қазір 11 селолық және поселкелік округ, 115 елді мекен бар. Аудан көпұлтты, 32 -ден астам ұлттар  мен ұлыстардың  өкілдері  егемендіктің көк байрағы астында тату-тәтті өмір сүріп, еңбек етуде. Іле ауданы экономикалық – әлеуметтік жағынан облыстағы іргелі де  ірі ауданның  бірі.

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s