Сурет өнерінің басталуы (1995жыл)

Бұл өнерге құлшындырған Сара болды. Ол былай басталған Жетігендегі үйіміздің сыртын біреуге шубалатып жатып, бір терезенің орнындай ашықтау жеріне дөңгелек айшық жасап соның ішіне мағналы бір сурет құйдым. Өте әсерлі болыпшықты. Ол біріне-бір мойнын созған ғашық тюльпан гүлдер еді. Оларды түрлі-түсті бояуменен әсерлеп қойғанымда, көшеден өткен адамдар оған ұзақ қарап өтетін болды,міне, осыны көрген Сара «Сенің бойыңда сурет өнері де болуы керек, бір сурет салып көрсең қайтеді»- деп айта берді. Бірер жылдаң соң Қапшағай қаласына көшіп бардық. Ондағы суретші Алпысбай Қазығұловтың шеберханасына бір- екі рет барып, сурет өнеріне өзім де қызығып кеттім. «Сурет салуға еліктесеңіз менен майлы бояу, бояу жаққыш(кисть) алыңыз?»- деген Алпысбайдың сөзіне, ырым етіп, — «Мен тегін алмаймын»- деп ақшаға бірер түсті сықпалы бояу, үш- төрт бояу жаққыш сатып алдым. Бірінші салған суретім «Киелі жартас»- көлемі 105*140 см. кенепке салдым. Біткеннен кейін әлгі Алпысбайды суретімді көруге шақырдым. Ол әйелі мен баласынн ертіп келді. Суретке ұзақ үңілгендеріне қарап, көңілдерінен шықты ма деп ойладым. Әсіресе, әйелі Күлсағиланың «Аға, мына суретті шынымен өзіңіз салдыңыз ба?»-деп қайта-қайта сұрағаны, ұнатқанының белгісі ретінде қуантып тұр. Ұзақ қарап, ең соңында Алпысбай «Мынауыңыз ғажап, керемет дүние, тіптісіздің бірінші салған суретіңіз екеніне сеніңкіремей тұрмын»-деді. Ал, әйелі Алпысбайға «Абстракцияны қойып, осындай сурет салу керек қой»-деп іреніш білдірді. Артынша Алпысбай өзінің таныс шебері В.Васильевпен таныстырды. Ол шебер суретшінің салған суреттеріне рама жасап жүреді екен. Сол Виктор үйге келіп, жаңағы суретті көргенде, қатты риза болды. Оның тебіренгені соншалық, бірнеше күннен кейін суреттің рамасын тегін жасап алып келіп, өз қолымен кигізіп кетті.

Бұл өнер 1995 жылдан басталған болатын. Қапшағайда тұрғанда, барлық салған суреттеріме керекті ағаш жұмыстарын осы Васильев өзі айтқан бағасына жасап беріп тұрды.  Бұл 1997 жылдың аяғында ГРЭС-ке көшкенге дейінгі салынған алғашқы 70- ке тарта сурет еді. Осы жылдары Қапшағай қаласында бірнеше рет сурет көрмелерім ұйымдастырылды. 1996 жылы Республикалық теледидардан біртоп адам- режиссер- жүргізуші С.Задулина, Қазақстанға еңбегі сіңген артист Люция Төлешева және операторлар келіп, жарты сағаттық кинолентасын түсірді. Оны «Таң», «Рахат» каналдарынан бірнеше рет қайталап көрсетіп тұрды.

1999 жылы шілде-тамыз айларында мемлекеттік Ә.Қастеев атындағы музейінде алпыстан астам суретім ілінген көрме ашылды. Бұл мен үшін сурет өнері саласындағы алғашқы үлкен қуаныш еді.

Это слайд-шоу требует JavaScript.

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s