Өмірбаян


нуркожа

оюлар

Әлібек Нұрқожа  1937 жылы   Алматы  облысы,  Еңбекшіқазақ ауданындағы  Көктөбе ауылында  туған.  1955 жылы  Есік қаласындағы   «Молотов»  атындағы орта мектепті бітірген соң,   Талғар қаласындағы    «Механизация» техникумына түсіп, оны  1959 жылы  бітіріп,  еңбек жолын  «Түрген  механизация»   училищесінде   мұғалімдіктен  бастаған.  Еңбекшіқазақ  ауданында   комсомол комитетінің   аппаратында қызмет атқарған. 1961 жылы  Алматыда   Жамбыл атындағы   Мемлекеттік   филармонияға   әнші болып қабылданып , 1962 жылы  Қазақстанның Москвадағы өнер декадасына қатысып,           «Чайковский»  атындағы   училищенің  теория  , сазгер бөлімін  аяқтаған.  1964-1974  жылдарда    Бақанас  халық театрының  режиссері болған.  Ауыл сахнасында « Қыз- Жібек» және де басқа 10 шақты спектакльдерді қойып , өзі бас рольдерді ойнаған. 1974 жылы біраз уақыт  Күрті ауданында қызмет  істеп, « Сарытауқым» ансамблін құрған.

1974 жылдан 1997 жылы құрметті  демалысқа кеткенге дейін Іле ауданында  мәдениет бөлімінің   меңгерушісі, Қапшағай өнер мектебінің директоры,  Николаевка  музыка  мектебінің  директоры  қызметтерін атқарған.

Табиғи дарыны профессионалдық   біліммен  қаруланған  Әлібек Нұрқожа  көптеген  серенадалар, балладалар, романстар , поэмалардың  авторы . Сол  шығармаларымен  әртүрлі  республикалық, облыстық, аудандық конкурстарға қатысып  дипломант , лауреат атанып, көптеген  грамоталармен  марапатталып, туындылары өзіндік ерекшелігімен , сонылығымен бағаланып  отырды.  Әлібектің бүгінде  200-ге жуық  әндері  бар. Бұлардың көпшілігі  кезінде  белгілі өнер қайраткерлері  Е. Серкебаев, Р. Мұсабаев, С. Әбусеитов, Н. Нүсіпжанов, Е. Хасанғалиев, Л, Кесоглу, В. Қармысова, Г. Разиева, Л. Төлешевалардың  орындауында шырқалған.

Әлібек белгілі қылқалам  шебері. Оның қаламынан  туындаған « Көкпар», «Кездесу», « Аңырақай шайқасы», « Көктем суы»,  «Биші  өзен»,  тағы да басқа, табиғат көріністері(барлығы 216 суреті бар). Талдықорған,  Талғар,  Іле ауданында  өткізілген  көрмелерде  көпшіліктің көңілінен  шыққан. Әсіресе, оның 1997 жылдың  шілде, тамыз айларында Ә. Кастеев  атындағы  мемлекеттік  өнер музейінде  ашылған жеке көрмесі — Әлібек  Нұрқожаның  талантты   суретші   екендігін мойындатты.

Ә. Нұрқожа  жасынан  өзі шығарған әндерінің   өлеңін өзі жазып жүріп, кейінде үлкен- үлкен тақырыптарға  қалам тартқан әйгілі ақын.  2003  жылы  оның  Отанға,  туған елге , жерге арналған   көптеген өлеңдері , әндері мен ән текстері « Өмірім- өнерім» деген  атпен  жеке кітап болып жарияланды . Әлібек Нұрқожа  саяси сауатты , білімді, білікті ұйымдастырушы.  Құрметті  демалыста жүрсе де, аудан көлемінде өткен  мәдени іс- шаралардың барлығына да  тікелей өзі қатынасатын. Өмірінің соңғы жылдарында  өзі ұйымдастырып, оның көркемдік жетекшісі де  өзі болған « Ардагерлер» ансамблі  2002 жылы  сәуір айында Талдықорған қаласында  өткен  облыстық көркемөнерпаздар байқауында  1 –ші орынға ие болды. 2003 жылдың  шілде  айының  3-ші күні  Есік қаласында  Алматы облысы  көркемөнерпаздарының конкурсы өтті. Осы конкурста « Ардагерлер»  ансамблі  халық әні « Ләтипа», «Еркем-ай», Әлібек Нұрқожаның  « Талдықорған вальсі», « Ақ қала , арман қала- Астана», « Немере», « Өтеген батыр» әндерін орындап, « Халық ансамблі»  атағын жеңіп алды. Көздеген мақсатымызға  жетіп қайтқанымызбен, бұл күн Әлібекпен қоштасуымыздың басы екен. Көп кешікпей  « Іле ауданының құрметті азаматы» , жеті өнер иесі  —  әнші, актер, режиссер, дирижер, ақын, сазгер, суретші Әлібек Нұрқожа  мәңгілікке  сапар шекті.   2003 жылы  облыс орталығы  Талдықорған  қаласында  ұлы композитор  Мұқан Төлебаевтың  туғанына  90 жыл толу мерей тойы  құрметіне арналып , әуесқой сазгерлер шығармаларының  байқауы өткізілді. Әлібек Нұрқожаның  өзі  армандап кеткен  бұл байқауға «Ардагерлер» ансамблі қатысып, « Өз елім- өзегім»  номинациясы бойынша Ә. Нұрқожаның  « Талдықорған вальсі», « Ақ қала , арман қала- Астана», «Өтеген батыр»  әндерін орындап,  байқаудың  1- ші  орынын  ие болып, Алматы облыстық  мәдениет басқармасының  1-ші дәрежелі  дипломымен марапатталды.

оюлар

Рисунок13

 

Қос бәйтерек тұқым жайып гүлдеді,

Балаларына  арнап үлде мен бүлдені

Суық күнде жылу болып екеуің,

Ал ыстықта пана болдың, көлеңкелеп шілдені.

 

 

оюлар

 

 

 

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s