Әріптестер айтқан сыр

оюлар

Әзербайжан МӘМБЕТОВ, Ә.Молдабековтің ұстазы, режиссер:

Жастарға ұрсып та алатын

– …Оның рөлге жан-тәнімен беріле­тіндігін мына оқиғадан аңғарғанмын. Бірде «Қобыландыға» дайындық жүріп жатқан. Кенет Әнуар дәл сахнаның ортасында талып қалды. Бұрыннан ауырып жүретінін білетінмін, бірақ тап осындай күйге түсе­тінін қайдан білейін?! Жедел жәрдем шақырдық, ол ештеңе істей алмады. Екін­ші­сі, әйтеуір, біраз әуреленіп, зорға есін жиғызды. Бір кезде қарасам, Әнуарым еш­те­ңе болмағандай ыржиып орнынан тұрды да, рөлін қайтадан ойнап кетті. Ол осындай жан еді…

…Әнуардың жанында жас актерлер, актрисалар көп жүретін. Жастарға қажет кезінде ұрсып та алатын. Өзі театрға таңғы 9-да келетін. Жастарға «Неге ерте келмей­сіңдер? Ұйықтап жатырсыңдар ма? Сендер осы қашан оянасыңдар? Қазақтар, қашан оянасыңдар?» деп ұрсып жүретін…

Әкім ТАРАЗИ, жазушы-драматург:

Әнуардың темпераменті Шегеге сыймай жүргені байқалады

– …«Қыз Жібекті» қайта-қайта көрсеңіз, Әнуардың темпераменті Шегеге сыймай жүргені байқалады. Шеге – образ ретінде батырдың қасында жүрген жай ғана жыршысы. Ал кинодағы Шеге Төлегенді, Бекежанды ойнап жүрген артистермен бәсекелес. Әр сөзінің өзінде күйініп кетіп, ыза боп кетіп, оқиғадағы басты кейіпкер сол сияқты алға түсіп кетіп, өзін-өзі ауыз­дық­тай алмай қалып, беріле ойнайды. Көрерменнің есінде болса, Төлеген әкесінің рұқсатын ала алмай, Базарбай бата бермей қойған кездегі Шегені Әнуар соншалықты ғажап сомдайды. Оның артист екенін ұмы­тып кетесің. Шеге боп халықтың атынан, жыршының, ақынның атынан күйінесің. Себебі бұл жерде Шеге мыңдаған көрер­меннің өкіліне айналады.

Тілектес МЕЙРАМОВ, актер:

Құпиясын таба алмадық

– Азаматтығы, адамгершілігі өте жоға­ры-тұғын. Ағамның тал бойынан бір мін көргім келмейтін, көрмедім де. Қонақ­қа барғанда өзгелер төрге ұмтылып жатса, ағамыз біздің ортамызға келіп жайғасатын. «Осы қазір менің асқазаным не ойлап отыр екен? Мына қазы-қартаны көріп, «ең құры­ғанда, райком болды ғой» деп ойлайтын шығар» дейтін қалжыңдап. Әзербайжан ағаның бірде-бір спектаклі Әнуар ағасыз өткен емес. Қандай рөлді өзіне жүктеп алса да, әлгі кейіпкерді сомдауға бар ынта-ықы­­ласымен кірісіп, барынша түрлендіре­тін. Таңертеңгі тоғыздан кешке дейін театр­дан шықпаушы еді. Баян жеңешем тамағын осында әкелетін. Асқар Тоқпанов ағамыз­дың «Сахнаның құлы да, құдайы да – актер» деген сөзі бар емес пе?!

Меніңше, Әнуар ағам – тап сондай адам. Кейіпкерді сомдағанда соншалықты еркін ойнайтын актердің сахнадан тыс уа­қыттағы түрінен бір қорғансыздық байқа­латын. Өмірде біртүрлі тежегіш болған сияқ­ты. Әлде өз талантынан өзі қысылды ма екен? Әйтеуір, бір құпиясы болды. Оны өзі де айтқан жоқ, біз де таба алмадық. Өмір­дегі өз бағасын білмей кетті ме екен?..

Құман ТАСТАНБЕКОВ, актер:

Меруерт екеуміздің үйленуімізге Әнекең себепші болды

– Жақын дос болуымыз «Қыз Жібек» фильмінің түсірілімінен басталды. Асанәлі Әшімов, Ыдырыс Ноғайбаев, Әнекең, мен – бәріміз бір бөлмеде жаттық. Ағам жоқ жерден бір нәрсе тауып күлдіріп, көңіл­ден­діріп отыратын. Ол кезде мен бойдақ­пын. Маған: «Төлеген-ау, сенің үйленуің керек», – деп әзілдейтін. «Кімге?» дегенім­ше болмай, «Оу, Қыз Жібек ше? Біз сені не үшін Төлеген деп жүрміз?» дейтін. Мен күліп қана қоятынмын, ал 10-сыныпты ен­ді ғана бітірген Меруерт қысылып, қыза­рақ­тап қалатын. Әнекең онысымен қой­май, «Ау, Төлеген! Мен Шегемін ғой! Мен өмірде де сендердің қамдарыңды ойлауым керек!» дейтін… Ағаның сөзі шындыққа айналып, Меруерт екеуміз шаңырақ көтергенде үйлену тойымызға «Қыз Жібек» фильміне түскен актерлер қатысты. Бас кейіпкерлердің рөлін орындаушылар: Асанәлі Әшімов – Бекежан, Ыдырыс Ноғай­баев – Қаршыға, Фарида Шәріпова – жеңгесі Кербез, Гүлфайрус Исмайлова – Жібектің анасы, Әнекең – Шеге рөліндегі костюмдерімен келген-ді. Тойымыз кере­мет думанды өткен…

оюлар

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s