Өмірбаян

оюлар

Әнуар Молдабеков 1938 жылы мамырдың жиырмасы күні Алматы облысының Іле ауданында Комсомол совхозында өмірге келген еді. Әнуарға әке-шешесі Андрей деп ат қойған. Бірақ кейіннен жұрт оны Әнуар деп атап кетті. Әнуар өзінің саналы ғұмырында талай өнер белестерін бағындырды. 1967 жылы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты болып, 1976 жылы Қазақстанның халық әртісі атағын алды. Әнуар балалық шағынан бері қолына домбыра ұстап ап, ән айтуда армандаған. Оның сурет салатын қабілеті де болған көрінеді. Бірақ оны өмір жолы өнер жолына алып келді. 1956 жылы консерваторияның драма бөліміне оқуға түседі. Әйткенмен ол жерде бір оқытушының көңілге қонбайтын бір әрекетін бетіне басқаны үшін оқудан шығып қалған. Оған жасымаған Әнуар Әзірбайжан Мәмбетов «Жаңа студия ашып жатыр екен» дегенді естіп, сонда барады. Сөйтіп 1958 жылы Әзербайжан Мәмбетовтің студиясына қабылданып, екі жылда бітіріп шығады.

   Ол алғаш рет Қарағанды төрінде сахнаға қадам басады. Сонда жүріп өзімен бірге оқыған дарынды актриса Баян Имашеваға үйленді. Екеуі қос қыз, бір ұл сүйді. Сол Қарағандыда жүріп-ақ көптеген рөлдерді сомдайды.

Әнуар 1964 жылы Алматыға оралады да, М. Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық драма театрына жары Баян екеуі қабылданады. Оның қалған өмірінің бәрі осы шаңырақта, осы қалада жалғаса берді. Әнуардың есімін халық арасында танылуы оның 1965 жылы жарық көрген «Ән қанатында» деген кинофильмдегі ойнаған рөлінен басталды. Ол Жаяу Мұсаның жоғары деңгейде жақсы алып шыққаны үшін Қазақ ҚСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Осы рөлінен кейін оның аты көпке жайылды. Кино мен театрда жарқын-жарқын рөлдерді сомдап, өзінің актерлік қабілетін де шыңдай берді.  

Әнуар Молдабеков бұлардан бөлек А. Чеховтың «Ваня ағайындағы» бас кейіпкер Иван Войницкий ролін ойнады. Бұл спектакль Мәскеуде де үлкен жетістікке жетіп, жылы лебіздер айтылды. Бүгінгі халық кешегі Еламан мен Шегені ұмытқан емес. Олардың есімдері үнемі біздің санамызда жаңғырып отырады. Қазақ театр өнері мен киносының аты аспандаған сайын олармен бірге осындай ұлы дарынды актерлердің де есімі ерекшеленіп тұрмақ.әнупр

оюлар

 

 

 

 

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s