Өнердің Жарық жұлдызы

1d70a79fa5e4370cc9f736783408f5a5


…Ол жыпырлаған түнгі сансыз жұлдыздардың ішіндегі ең жарығы еді. Елеусіз ғана ғұмыр кешкенімен сахнадағы жарық жұлдыз еді. Ол атақ-даңқ жолына жанын салған пенде емес.Үлкен адамгершілікті,үлкен өнердің Азаматы болды.

…Ол халықтың актері, халық арасынан шыққан данышпан. Өз заманында туған ұлы актер. Әнуардың ролдерінің шыңы деп Чеховтың «Сүйікті менің ағатайымдағы» Ваня ағай-Иван Петрович Войницкий рөлін айтар едім.

Ә.Молдабековты көрермені осы ғасырдың нағыз актері,ең шыншыл,ең таза актер деп айтады деп сенемін

         Әзербайжан Мәмбетов

   Сол 60-жылдардың ортасында Қарағанды театрының шығармашылық құрамында ешкімге ұқсамайтын және ешбір артисті қайталамайтын өзіндік бағыты бар,бағдары бар,қолтаңбасы өзгеден бөлек,жаңа артис келді. Ол Әнуар Молдабеков еді. Роль сомдауда, бейне жасауда Әнуардың бойындағы табиғаттан берілген, интеллектуалдық актерлік дарыны ерекше болды. Актерге тән барлық элементтерді Әнуардың бойына құдай берген.

     Жас Әнуар Қарағанды театрында «Мөлдір махаббат» пьесасында –Нұржан, Еркін бейнелерін, «Қара қыпшақ Қобыланды» қойылымнда Қобыланды бейнесін, «Ромео-Джульетта» пьесасында Тибальт бейнесін жасап, актерлік шеберлігін айқындай түсті.

   Театр мен киноны қос тұлпардай ерттеп мінген Әнуар бәйгенің екі атымен алма-кезек өнер бәйгесіне шапты. Сол өнер бәйгесінде Әнуар марқұм басын бермейтін сйгүлік тұлпардай еді.

                                                                                       Есмұқан Обаев

Қандай керемет актер еді! Өзі де отша жанып тұрушы еді! Әнуар мен бірге ойнағанда ол сені сүйеп, қолыңнан сүйрегендей, желкеңнен түрткендей болып тұрушы еді. Еріксіз соған еруші едік.

                                                                                 Сәбира Майқанова

   Әнуар өнері-жанкешті өнер болатын.Онда өлшем-есеп жоқ еді. Мүмкін адам өзінің аз ғұмыр кешетінін біліп, бойындағы бар күшін, өнерін сарқа беріп кеткісі келе ме, әлде…

     Таланттың да таланты бар. Әнуар аз ғана ғұмыр кешсе де,өнер миссиясын орындап, адамдар жүрегіне із қалдырып, көңілдеріне шырақ жағып кетті. Сахнада от болыпжанып, өртеніп кетті. Найзағай жарқ етті де, рухани биікте жарық болып қалды. Ол жарық сандаған ұрпақ ауысса да өшпесі хақ!

                                                                                   Фарида Шәріпова

«Қозы көрпеш-Баян сұлу» трагедиясында мен оның асақан талантына,жүрекжарды шыншылдығына,шын шеберлігіне тәнті болдым. Әнуар өнердегі шоқтығы биік өнерпаз еді. Әсіресе көрермен қауым театрдла қойылған «Қан мен терде» Тәңірбергенді көріп, кинода Еламандаы тамашалағанда өзінің талантты ұлына риза болмаған жан қалмап еді.Ол жсаған бейнелер айта берсе, таусыла ма?!Бірінен-бірі өткен асылдар еді ғой…

                                                                                       Асанәлі Әшімов

Әнуар дегенде- «Ізденумен өткен ғұмыр-ай» дегің келеді. Бәрін де меңгеру ,бәрін де үлгеру оның өмірлік мұраты, суреткерлік серті еді. Шығармашылық қиялға жомарт еді.   Өмірде өзі қалай мазасыз,тынымсыз болса,оның сахнадағы өнері де сан қырлы, көп бояулы,мінез-құлқы тұрғысында алуан-алуан болып келетін, зерігу, зеңуден аулақ, тоқмейілсу мен тоқырауға жаны қас еді. Өзін аямау арқылы өзгені иландыратын. Ұрынып ізденетін, сарыла, шұқшия із кесетін.

                                                                                       Әшірбек Сығай

                                                                                                        

        Театр сахнасындағы талай спектакльдерде ойнаумен қатар, «Қан мен Тер», «Қала қалқаны», «Қыз Жібек» фильмдеріне бірге түстік. Мені таңқалдыратыны-ол өзінен үлкен аға буындардың іс-тәжірибелерінен, өнерінің озық үлгілерінен өнеге ала білетін,оларды өзінше жаңғыртатын. Бұл нағыз өнерге деген құрмет деп білемін! Оның ролдері алуан түрлі болып келетін.Оның кейіпкер мінездерін бірсарындылықпен ойнағанын көре алмайсыз.

                                                                                  Ыдырыс Ноғайбаев

…Әнуар Молдабеков өте күрделі Қобыланды ролі арқылы жақсы қабілетін танытты.Ол сыртқы эффектіден бойын аулақ салып, образды психологиялық жағынан кескіндеуге ұмтылды.

                                                                           Рымғали Нұрғалиев

     Шектен шыққан ақыл-ой,айла-шарғының бақытсыздығын Әнуар Молдабеков іштей түйсініп, бұған жүрек дүрсілі, қимыл-қарекет шынайлығы, мимикалық байлығының әсері қосылып, Ричардтың күрделі тұлғасын шеберлікпен сомдаған.

                                                                   Мағира Қожахметова

…Әнуар Молдабековтің Жантығы көптен көз үйренгеннен өзгеше өрім,өріс тапқан. Сырттай Қарабайдың көлеңкесіндей көрінгенмен, шын мәнінде, оны аңдып жүрген ажалы сияқты.

                                                               Қалтай Мұхамеджанов

Әнуар Молдабеков-үлкенге де,кішіге де,жасқа да,кәріге де серік бола білген,дос бола білген,үлкен ғажайып талантымен елдің,халықтың аузында мәңгілікке қалған қазақтың ұлы актері.

                                                                   Әнуар Боранбаев

     Әнуар көптеген фильмдерге түсіп, сахнада қайталанбас бейнелер жасады. Бұл да бақыт қой, ел есінде қалды,ұмтылмайды. Ол «Қобыландыда» сомдаған-Қобыланды, «Алдар Көседегі»-Алдар, «Сүйікті менің ағатайымдағы»-(Ваня ағай) Войницкий, «Сәкен Сейфуллиндегі»-Сәкен, «Намыс гвардиясындағы»-Намысұлы, «Ұмытпа мені,күнімдегі!»-Сергей, «Құлыным меніңдегі» Бозтайлақ тағысын тағы…

                                                                                 Торғын Тасыбекова

Сілтесең –семсер,қоғансаң-қалқан орнына жүрген қайран Әнуар!

                                                                                  Асқар Сүлейменов

….Кремль комендантының рөлі де жақсы шыққан дер едім.Оны орындаушы өнері көпке танымал актер-Әнуар Молдабеков кекйіпкердің мінез-әрекетін шебер жеткізген.

                                                                                Сәбит Мұқанов

Талантты актер Әнуар Молдабеков Мәмбетті қызу темпараментпен ойнайды. Оның шындық алдында, адамгершілік ар алдында ештеңеден жасқанбайтын, осы жолда өзін де, өзгені де аямайтын, айтқанынан қайтпайтын турашылдығына актер барынша көңіл аударады.  

                                                                      Бағыбек Құндақбаев

Әнуар Молдабеков «Менің үшінші курстағы махаббатым» (Қазахфильм, 1976 жыл)

 молда

Имашева, Б.  Әнуар Молдабеков=Ануар Молдабеков=Anuar Moldabekov: фотоальбом қазақша, орысша, ағылшынша/ Б.Имашева.-Алматы: «Өнер21-ғасыр» қоғамдық қоры, 2012.-320 б.-(Халық перзенті)

Әнуар Молдабеков-ХХ ғасырдың екінші жартысында қазақ өнерінің биігіне жарқ етіп бірден көтерілген дара тұлға. Ол 1960-80 жылдардағы Қазақтың М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының сахнасында-саналуан спектакльдерде және де бұрынғы КСРО республикаларындағы киноөнер ордалары-«Қазақфильм», «Қырғызфильм», «Мосфильм» т.б. киностудияларда түсірілген киношығармаларда басты рөлдерді ойнап, айрықша көзге  түсті. Ә.Молдабеков-туа бітке талант еді.
Бұл фотоальбомда қазақ сахна және кино өнерінің дара тұлғасы, ҚР халық артисі,Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты-Әнуар Молдабековтің өмірі мен өнер жолы,адами болмасы фотобейнелер арқылы қамтылған.

1d70a79fa5e4370cc9f736783408f5a5

Реклама

One thought on “Өнердің Жарық жұлдызы

  1. Ануар агамыздын бир киносын кишкентай кезимде корип едим , атын умытып турмын сол кинода айтылган ан есимде ; кустар, кустар сызылтып ан салады,
    сол анимен тербетеди даланы, осы кинонын атын айтып жибересиздер ма. Отиниш.

    Нравится 1 человек

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s