Өмірбаян

Эльмира Ерікқызы – Алматы облысы, Іле ауданы, Покровка елдімекенінде дүниеге келген

1989 жылы Іле ауданына қарасты М.Мақатаев атындағы қазақ-орта мектебінің табалдырығын аттады.

2000 жылы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық академиясының журналистика факультетіне оқуға түседі. Студент кезден республикалық «Діл» жастар газетіне мақалалар жазып, штаттан тыс тілшілік қызметін атқарды.

2002-2006 жылдары республикалық «Ақиқат» газетінде тілші болып еңбек етеді.

2006-2008 ж.ж. әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультетінің магистратурасын оқып, аяқтады.

2010 жылы алғашқы «Ана жүрегі» атты прозалық шығармалар жинағы жазушы Әсия Орынбаеваның алғы сөзімен жарық көрді.

2010 жылы «Үркер-Үміт –2010» республикалық әдеби байқауында 70-ке жуық үміткердің ішінен топ жарып, бас жүлдені жеңіп алды.

Бәйге алған шығармалары «Үркер жаққан он шырақ» атты топтама жинаққа енгізілді.

2010 жылдан бері Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті журналистика және саясаттану факультетінде аға оқытушысы қызметін атқарып келеді.

2011 жылы Эльмира Ерікқызының «Шапағат» атты екінші прозалық шығармалар жинағы мемлекеттік бағдарлама аясында «Жалын» баспасынан жарық көреді.

2011 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті журналистика және саясаттану факультетінің Ph.D докторантурасына оқуға түседі.

Қазақтың тұңғыш тәуелсіз басылымы – «Қазақ» газетінің соңғы редакторына қатысты «Алаш қайраткері – Жанұзақ Жәнібековтың журналистік және публицистік қызметі» атты докторлық диссертациясының тақырыбы қаралып, бекітіледі.

2011 жылы «Мерзімді баспасөз эволюциясы: ұлттық мүдде және адамзаттық құндылықтар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысады. Елімізде жарық көретін ғылыми журналдарға бірнеше ғылыми мақалалары  жарық көреді

2011 жылы ХIV халықаралық «Шабыт» фестиваліне қатысып, проза номинациясы бойынша Әзілхан Нұршайықов атындағы арнайы жүлдені жеңіп алды

2012 жылдан бастап «Қазақстан» ұлттық телеарнасында редактор қызметін атқарып келеді.

Республика көлемінде жарық көретін мерзімді баспасөз беттерінде Э.Ерікқызының шығармалары тұрақты жарияланып тұрады.

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s